384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтарға «Еңбек» бағдарламасы бойынша 3 млрд теңгеден астам ақша бөлінеді

  • 387
  • UPD: 18:28, 29.07.2019
Қостанайлықтарға «Еңбек» бағдарламасы бойынша 3 млрд теңгеден астам ақша бөлінеді

Ал өз ісін ашуға бекінген қостанайлықтар «Еңбек» бағдарламасы бойынша биыл 3 миллиард теңгеден астам қаражатқа қол жеткізеді.

Мыңнан астам тұрғын кәсіпкерліктің негізін «Бастау Бизнес» жобасы арқылы меңгеріп шығады. Әсіресе, ауылдағы ағайын бағдарламаның жемісін көруге ынталы. Мысалы, былтыр Науырызым ауданындағы Қожа елді мекенінің үш тұрғыны он бір миллион теңге несие алып, ата кәсіпті дамытқан. Ал биыл екі адам кәсіпкерлікпен айналыспақ. Солардың бірі Жанат Оразбаева. Ол аудан  орталығындағы арнайы курсты бітіріп, қазір төрт түліктің төресі жылқы басын көбейтуді көздеп отыр.

Жанат Оразбаева, жеке кәсіпкер:

- 56 Биыл 4 млн аламын. Соған 10 жылқы аламын деп отырмын. Сосын ендігі сауын сауып көреміз. Жұмыс істемегендерге, малын көбейтемін дегендерге өте жақсы бағдарлама. «Бастау Бизнесте» жақсы оқытушылар бар. Жақсы түсіндіреді қайда барып қандай құжат дайындау керектігін.

Хабар 24 телеарнасы