385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру артқан

  • 97
  • UPD: 23:30, 13.08.2019
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру артқан

Биылғы алты айда елімізде сүт өндірісі ұлғайып, 2,9 млн тоннаға жеткен. Бұл бағытта Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көш бастадық.

Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,8 процентке артты. Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған дерек бойныша жыл басынан бері көршілес Ресейдегі өсім -1,2%, Қырғызстанда – 1,7%, Беларусьте 0,2%-ке жеткен. Ал Армениядағы көрсеткіш керісінше 6,5%-ға төмендеген. Айта кетейік, елімізде алғашқы жарты жылдықта 870 мың тонна мал мен құс еті өндірілді. Бұл да одақтағы жоғарғы көрсеткіш. Жалпы қаңтар мен маусым аралығында одақ аясындағы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 32,5 млрд долларға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артық.

Хабар 24 телеарнасы