387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салық жүйесін жетілдіру кірістің ұлғаюына жетелейді

  • 151
  • UPD: 18:47, 22.08.2019
Салық жүйесін жетілдіру кірістің ұлғаюына жетелейді

Қазақстан салық жүйесін жетілдіру арқылы бюджет кірісін ұлғайта алады. Шымкент шыны зауыты директорлар кеңесінің төрағасы Мамадияр Қадырбеков осылай дейді.

Оның айтуынша салық табыстың деңгейіне сәйкес есептелуі тиіс. Олай болмаған жағдайда кәсіпкерлер салықтан жалтарудың жолдарын іздестіре бастайды. Сөйтіп бюджеттің түсімі азайады. Айта кетейік, шағын және орта бизнестің мүддесін қорғау жөнінде «Нұр Отан» партиясының мінберінен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та айтқан болатын. Елбасы бизнес үшін салық ауыртпалығын төмендету арқылы экономикаға салықтық ынталандыру тетіктерін енгізуді ұсынды.

Мамадияр Қадырбеков, шыны зауыты директорлар кеңесінің төрағасы:

- Елбасы өте орынды, тиімді мәселелерді көтерген. Қазіргі заманда, қазір өте орынды айтылған мәселелер. Салық мәселесі оны жақсылап қадағалап, оны ойлап, қай жақтан оны түсіру қажет, қай салықты көтеру қажет, соны дифферицированный келіп, оны зерттеп, бизнеске көмек беретін жағдайға келтіретін болса, әрине ол бірінші кезекте бизнеске көмегі болады, екінші кезекте бизнес еліміздің дамуына өз үлесін қосады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы