387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бизнеске жасалған жеңілдік тұтынушыларға қалай әсер етеді?

  • 139
  • UPD: 13:38, 03.09.2019

Елімізде бизнесті тексеруге шектеулер қойылды. Бірақ кәсіпкерлерге жасалған жеңілдіктен қарапайым халық зардап шекпеуі тиіс.

Қазақстандағы іскер топ өкілдерінің 70%-ті өз жұмысына селқос қарап, жұртқа сапасыз тауарларын сатумен айналысады.

Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің мамандары айтады. Қазір отандық кәсіпкерлердің арасында заңсыздыққа жол беретіндер көп. Олар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды дұрыс түсінбейді. Немесе пайда табуды ғана ойлайды. Өкінішке орай, мұндай жауапсыз тұлғалар көптеп кездеседі. «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің өкілі Тұрсын Жағпарованың айтуынша, елімізде тұтынушылардың құқығы жиі бұзылады. Себебі кәсіпкерлерге салынатын айыппұл көлемі төмен. «Сондықтан заңды қатаңдатып, айыппұл көлемін өсіру керек. Бұл кәсіпкерді өз ісіне жауапты қарауға тәрбиелейді», - дейді мамандар.

Тұрсын Жағпарова, «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

- Мысалы, біз келіп түскен арызға қарап отырсақ, өткен жылдарға қарағанда жылдан жылға арыздар өте көп өсіп келеді. Елімізге 90% шетелден келетін ойыншықтар. Елімізде 50 субьектілер ойыншықты әкеледі екен. Жылына екі мың тонна ойыншық келеді екен. Сол келген ойыншық осы 146-сы ғана сертификатталған. Өзгесі фалсификат. Сондықтан 50 кәсіп иесінің біреуі де жауапқа тартылмаған. Айыппұлдар көлемі өте төмен. Заң жұмсақ.

Хабар 24 телеарнасы