387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде Солтүстік инвестициялық банктің өкілдігі ашылады

  • 119
  • UPD: 15:55, 11.09.2019

Қазақстанда Солтүстік инвестициялық банктің өкілдігі ашылады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы бастамаға қатысты заң жобасы мақұлданды.

Аталмыш қаржылық ұйым негізінен энергетика, жасыл экономика, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау сияқты салаларды қаржыландырады. Бұған қоса, шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау жасайды. Осыған байланысты арнайы келісімде Қазақстанның заңнамалық актілерінде көзделмеген нормалар, яғни, валютаның айырбасталуы, қаражат аудару, тендерлер өткізу, сондай-ақ банктің активтері мен кірістерін салықтан босату жөніндегі нормалар белгіленеді.

«Бұл халықаралық ұйымдардың стандартты шарттары» деді құжатты таныстырған Ұлттық экономика министрі. 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Бұл келісім солтүстік инвестициялық банктің ел аумағында жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Ал енді нақты қандай жобалар қолға алынары белгісіз. Оларға қатысты қосымша келісімдер бекітіледі. Оның ішінде мемлекеттік қарыздар болса ол Парламентте қаралып, бөлек талқылауды қажет етеді. Ал жеке компаниялар тікелей осы қаржы ұйымына шығып, несие ала беруіне мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы