389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында ШОБ субъектілерінің айыппұлы кешірілді

  • 201
  • UPD: 18:45, 15.09.2019
Маңғыстау облысында ШОБ субъектілерінің айыппұлы кешірілді

Маңғыстау облысында екі мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісінің өсімпұлы мен айыппұлы кешірілді.

Президент Жолдауы аясында жүзеге асқан бір жолғы рақымшылық акция осы өңірде жыл басынан бері жүріп жатыр. Өткен жылдың 1 қазаныннан бері 1825 кәсіпкер негізгі қарызын өтеген. Осыған орай жергілікті мемлекеттік кірістер органдары жалпы көлемі 73 млн теңгеден асатын айыппұлды есептен шығарды.

Естеріңізге салайық, салықтық мониторингке жататын субъектілер мен жер қойнауын пайдаланушыларға және акцизделетін тауарларды өндірушілерге рақымшылық жасалмайды. Қалғандарының өсімпұлы мен айыппұлы жыл соңына дейін негізгі берешектерін өтеген жағдайда кешіріледі.

Меңдігүл Әмиева, облыстық МКД мәжбүрлеп өндіру бөлімінің басшысы:

- Осы жылдың екінші тоқсанынан кейін қосымша енгізілді. Бұл қосымшада 2018 жылдың бірінші қазанына салық тексерістері бойынша нәтижесіне шыққан берешектер бойынша, егер де негізгі сомасын төлеген жағдайда оларға да өсіппұлдары мен айыппұлдарын есептен шығару көзделген. Және жеке тұлғаларға қатысты көлік құралдары, үй және жер салығы бойынша негізгі берешек сомасын төлеген жағдайда айыппұлдарды есептен алып тастап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы