389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Pata travel mart 2019» көрмесі отандық туроператорларға не береді

  • 212
  • UPD: 13:05, 19.09.2019

Елордада «Pata travel mart 2019» халықаралық туристік көрмесі өтіп жатыр.

Бүгінде Азия-Тынық мұхиты аумағы – әлемде қарқынды дамып келе жатқан туристік нарық. 

ТМД аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Pata travel mart 2019» Азия-Тынық мұхиты аумағындағы елдер үшін маңызды. Қазақстан үшін, әсіресе. Біздің туроператорларымыз бұған дейін бірнеше көрмеге қатысып, тәжірибе алмасқан. Ұйымдастырушылар олардың Нұр-Сұлтан қаласындағы шараға міндетті түрде қатысу керектігін білді. Сондықтан барлығының тіркелуіне жағдай жасады. Тіркеуге ілікпегендер 500 доллар төлеп қатысуда. Өзге елдерде жарна 1500 доллар болған. Бұл отандық туроператорлар үшін жасалған қолдау екенін хақ. Олар 40-қа тарта келіссөздер жасасып, халықаралық туристік ұйымдармен байланыс орната алады.

Айта кетейік, қазір елге 250 туристік өнімді сатып алушы келген. Айтпақшы, туристік қауымдастық өкілдері әуе билетін субсидиялау мәселесін көтеріп отыр.

Сндай-ақ Малайзия, Бангладеш елдерінің туризмі жайында сөз болмақ. Былтыр көрме Малайзияда ұйымдастырылды. 

Хабар 24 телеарнасы