389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украиналықтарды Қазақстан несімен қызықтырады

  • 191
  • UPD: 13:06, 19.09.2019

Қазақстанның көрікті табиғаты мен тарихы туризм көзіне айналды.

Украина азаматтарын әсіресе Ақтау, Каспий теңізі және Алжир мен Қарлагқа қатысты мәліметтер қызықтырады. Бұл туралы туризм саласының мамандары мәлімдейді.

Жанар Нұрлыбек – саяхат саласында қызмет атқарып жүрген маман. Итальян тілін меңгеріп алғаннан кейін Жанар биыл Рим қаласындағы «Сапиенца» университетіне «туризм» мамандығы бойынша оқуға түсіпті. Екі жыл бойы Украинада жұмыс жасап, осы елдің азаматтарын Қазақстанға саяхатын ұйымдастырған. Саяхат саласындағы білімімді арттырған кейін туған жердің туризмін дамытуға үлес қоссам, дейді ол.

Жанар Нұрлыбек, саяхат саласының маманы:

– Өз еліме деген саяхатты дамытсам деймін. Ұлттық тағам түрлеріне қатысты өз жерімде шеберлік сабақтарын ұйымдастырғанмын. Қонақтарға бірегей тур түрлерін ұсынсай деймін. Итальян, француз және неміс достарым қазы, шұбат, қымыз бен құртты ерекше жақсы көреді. Үнемі тапсырыс береді.

«Туризм көзі – тарих», - дейді Жанар. Украина азаматтарын Форт-Шевченко қаласы, Алжир мен Қарлаг жайлы мәліметтер қызықтырады екен.

Көлсай мен Қайынды көлдері жайлы білетін шет елдіктердің қатары көбейген.

Жанар Нұрлыбек, саяхат саласының маманы:

– Көлсай мен Қайынды. Менен осы көлдерді сұрайтын жандардың саны артты. Украиналық достарым көл суретін көрсетіп, осы жерге барғымыз келеді, - дейді. Ақтау қаласы, Форт-Шевченконы, Каспий көлдері мен ондағы танымал шыңдарды да сұрайтындар көп.

Дегенмен төл туризмнің түйткілді тұстары таусылмай тұр дегенді айтады, - Жанар. Жол, қызмет көрсету саласындағы жүйесіздік - саяхат саласын дамытуға тұсау болып тұрғаны айтпаса да белгілі.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

Хабар 24 телеарнасы