389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тан Қазақстанға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 45 млрд доллардан асқан

  • 259
  • UPD: 21:56, 23.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың саяси және сарапшы топ өкілдерімен кездесті.

Бұл жиын құрама штаттардың ең ықпалды «Атлантикалық кеңес» ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Сөйтіп екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтары талқыланды. Әсіресе, АҚШ-пен ынтымақтастықты арттыру Қазақстан үшін аса маңызды екені атап өтілді. Себебі Нұрсұлтан Назарбаевтың былтыр осы елге жасаған ресми сапарында қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуына ерекше мән беріліп отыр. Бүгінде бұл елден Қазақстанға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 45 млрд доллардан асты. Дегенмен алдағы уақытта ауыл шаруашылығы және жоғары технология салалары бойынша өзара іс-қимылды арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Президенттің айтуынша, Қазақстан америкалық бизнес өкілдерімен ұзақ мерзімді экономикалық байланыстарды нығайтуға ниетті. Өз кезегінде АҚШ тарапы өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың әлеуеті зор деді. Айта кетейік, Атлантикалық кеңес трансатлантикалық және интеграциялық процестерді зерттеумен айналысып, АҚШ бизнесі үшін ұтымды ұсыныстар әзірлейді.

Хабар 24 телеарнасы