389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу жайы мақұлданды

  • 132
  • UPD: 15:36, 09.10.2019
Мәжілісте республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу жайы мақұлданды

Мәжіліс депутаттары бүгін «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған тапсырмаларын орындау үшін қосымша қаражат керек. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері де осы заң жобасына енген.

Атап айтсақ, жұмысшылардың еңбекақысын өсіруге, жылу энергетикасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріледі. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй және инженерлік желілер құрылысы жанданады. «Құжат алдымен тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталып», - отыр деді Мәжіліс төрағасы.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Бүгін халқымыздың әлеуметтік жағдайын одан әрі күшейтуге тағы бір нақты қадам жасалды деп айтуға болады. Себебі, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен 2019 жылға арналған бюджетті нақтылау бойынша әлеуметтік салаға қосымша қаражаттар қаралып отыр. Бұл халқымыздың бірқатар нақты мәселелерін шешуге бағытталған. Енді осы бөлінген әрбір теңге пайдалы жұмсалып, өз нәтижесін беру керек. Сол үшін Парламент бюджеттің тиімді жұмсалуын қатаң бақылайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы