388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБ төрағасының орынбасары 200 теңгелік тиын не үшін қажет екенін түсіндірді

  • 177
ҰБ төрағасының орынбасары 200 теңгелік тиын не үшін қажет екенін түсіндірді sputniknews.kz

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова 200 теңгелік тиынның не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

«Ең алдымен бұл қағаз ақшалардың ескіруімен байланысты. Ескірген ақшаларды жаңарту мақсатында жасалып отыр. Қолма-қол айналымда жүрген жиі пайдаланылатын ақша ғой. Қолданыстан шығып кетпеуі үшін тиын ретінде шығаруға шешім қабылданды», – дейді Мәдина Әбілқасымова. 

Әбілқасымова алдағы күндері басқа номиналдағы ақшаларды тиын түрінде шығару жоспарда жоқ екенін айтты. 

Еске салайық, Қазақстанның Ұлттық банкі 2020 жылы 200 теңгелік тиын шығара бастайды. 

Хабар 24 телеарнасы