384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президентін қабылдады

  • 268
  • UPD: 17:55, 15.11.2019

Мемлекет басшысы бүгін Азия даму банкінің басшысымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев Такехико Накаоға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Азия даму банкінің арасындағы әріптестіктің 25 жылдығымен құттықтады. Ал қаржы институтының басшысы Президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауымен таныс екенін жеткізіп, бұл стратегиялық құжаттың негізгі бөлімдеріне, әсіресе, оның әлеуметтік маңызына оң бағасын берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мен сізді Азия даму банкі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың 25 жылдығымен құттықтаймын. Біз сіздердің еліміздің дамуына, ұлттық экономикамыздың өсуіне өзіндік үлестеріңізді қосып жүргендеріңізді жоғары бағалаймыз.

Такэхико Накао, Азия даму банкінің президенті:

Қыркүйек айында мен Қазақстанның дамуына қатысты бірқатар ұсыныс жазған едім. Қазіргі уақытта Қазақстан әлеуметтік дамуға бет бұрды. Әсіресе, мұғалімдер мен адами капиталдың дамуы үшін өте маңызды басқа да салаларға баса назар аударып жүрсіздер. Бүгінде біз кедейлік деңгейін төмендету, климаттың өзгеруі және шағын қалаларды дамыту секілді көкейкесті мәселелерді шешуді мақсат етіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы