376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк елордаға көшіріледі

  • 212
  • UPD: 19:47, 09.12.2019
Ұлттық банк елордаға көшіріледі

Алдағы көктемде Ұлттық банк ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласына көшіріледі.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында еліміздің бас банкирі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, реттеуші орган өз кеңсесінің құрылысы аяқталғанша ғимаратты жалға алып тұрады. Ерболат Досаев Алматы елдің іскерлік орталығы болып қала беретінін айтты. Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің кеңсесі Алматыда орналасады. Демек, басқару жұмыстары мен банк секторында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Мемлекет басшысының 11 қарашадағы жарлығына сәйкес бұл агенттік тікелей ел Президентіне бағынады.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

- Ұлттық банктің соңынан еріп, ешкім елордаға бас кеңселерін көшірмейді деп ойлаймын. Барлығы бұрынғысынша жұмыс істейді. Өйткені Алматы еліміздің қаржы орталығы болып қала береді. Және де осы бағытта дамиды. Мен тағы қайталап кетейін, барлық халықаралық қаржы ұйымдары осы қалада қалады. Ұлттық банк Алматы қаласында тұрақты өкілдігін ашатын болады. Мұндағы мақсат – агенттікпен де, қаржы қауымдастығымен де берік байланыста болу.

Хабар 24 телеарнасы