378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті жиыны өтеді

  • 139
  • UPD: 11:00, 20.12.2019

Бүгін Санкт-Петербургте Еуразиялық экономикалық жоғарғы кеңестің кезекті жиыны өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қазақстан тарапынан Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Бес елдің басшылары күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша келелі кеңес құрады. Ресей мен Қазақстан, Беларусь пен Қырғызстан және Армения арасындағы экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға қатысты не айтылуы мүмкін?

Дана Нұржан, тілші:

- Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте одақтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қарастырылады. Бұл саммиттің күн тәртібіндегі ең басты құжат. Ол экономикалық бірлестіктің қандай бағытта дамитынын айқындауы тиіс. Құжат мемлекеттік сатып алулардан бастап өнеркәсіп, ауыл шаруашылық кешендері, кеден, азық-түлік нарығы сынды мәселелерді қамтиды. Басқосуда талқыланатын тағы бір маңызды құжат одақ елдері азаматтарын зейнеткерлікпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім болғалы тұр. Оның жобасын жақында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінде үкімет басшылары бекіткен болатын.

Дмитрий Журавлев, Аймақтық мәселелер институтының бас директоры:

- Жоғары экономикалық кеңестің алдындағы ең басты мәселе стратегиялық жоспарлау болып табылады. Бұл оның жарғылық міндеті. Саммитте Ортақ зейнеткерлік жүйе талқыланғалы отыр. Бұл күрделі мәселе. Бізде одаққа мүше 5 елдің әлеуметтік жүйесі әртүрлі. Оларды біріздендіру оңай болмас. 

Дана Нұржан, тілші:

Қазір саммит алдында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі интеграцияға қатысты 30-дан астам мәселені талқылап жатыр. Оның ішінде даулы тақырыптар аз емес. Басты назарда ішкі нарық жұмысы, мемлекттердің экономикасын цифрландыру, кедендік-тарифтік реттеу, салық саясаты. Комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық интеграцияның алдағы 5 жылдық даму стратегиясын айқындайтын құжатты да қарастыруы керек. Бұл құжат жоғарғы кеңестің қарауына беріледі. Вице-премьерлер мемлекет басшыларының бүгінгі отырысында талқыланатын сұрақтардың соңғы нұсқасын бекітті.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

 

Хабар 24 телеарнасы