377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде уран таблеткаларының өндірісі қарқын ала бастады

  • 144
  • UPD: 07:47, 23.12.2019
Өскеменде уран таблеткаларының өндірісі қарқын ала бастады

Айта кету керек, атом электр станцияларын отынмен қамтитын еліміздегі жалғыз өндіріс орнының басты тұтынушысы – Қытай Халық Республикасы.

Дегенмен, алпауыт зауыт өнімді түрлендіруге ден қойып отыр. Енді 2020-2021 жылдардың соңына қарай атом электр станциялары үшін жылу бөлетін құрылғы жасап шығармақ. Уран отыны осы құрылғыларға толтырылады. Осылайша, кәсіпорын өндіріске өзгеше серпін беріп, экспортты еселейтін жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оны нәтижелі іске асыру үшін қазір зауытта жөндеу, жаңарту жұмыстары басталып, жаңа құрал-жабдықтар орнатылып жатыр.

Константин Кузьмин, зауыттың уран өндірісі бойынша директоры:

- Басты мақсат – құрастыру өндірісін жолға қою бойынша жобаны іске асыру. Ол үшін уран таблеткаларының қажетті мөлшерін өндіре алу керекпіз. Осы үдеден шығу мақсатында құрал-жабдықтарымыздың қатарын жаңартып жатырмыз. Бұлар келер жылдың соңына қарай толық іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы