377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Беларусь биылғы жылғы ынтымақтастықты қорытындылады

  • 131
  • UPD: 20:47, 29.12.2019

Минскіде биылғы Беларусь пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық қорытындыланды. Қос тарап әлі де елден мұнай тасымалдау жайын пысықтауда.

Қара алтынның көлемі мен бағасы нақтыланбаған. Бірақ журналистермен кездесуде Беларусь еліндегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Асқар Бейсенбаев тауар айналымының рекордтық көрсеткішке жететінін атап өтті. Екі ел 1992 жылдан бері медицина, ғылым, әлеуметтік жобалар бойынша серіктес. Енді атом энергетикасы бағытында да байланысты нығайту көзделіп отыр.  

Асқар Бейсенбаев, Беларусьтегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Біз елшілікте министрліктермен бірге импорттау бағытындағы Беларусь Республикасының әлеуетін екшедік. Байқағанымыз, Қазақстан үшін алуға болатын бағыттар көп екен. Бүгінде еліміз бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы