376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда импортты алмастыру жөніндегі кеңес құрылады

  • 178
Қазақстанда импортты алмастыру жөніндегі кеңес құрылады

Елімізде шикізаттық емес өндіріс саласының жағдайы мүшкіл.

Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 11 пайыздан аспайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Айтуынша, негізгі себеп сұраныстың төмендігі мен кәсіпорындардың толық қуатта жұмыс істемеуі болып тұр. Енді тығырықтан шығудың жолы ретінде арнайы кеңес құру ұсынылып отыр. Сол арқылы сырттан келетін тауарлар ағымын азайтуға мүмкіндік бар дейді. Әйтпесе, соңғы жылдары импорт көрсеткіші едәуір өскен. Мәселен, 2016 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібі тауарларының импорт көлемі 36 процентке артып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 30 млрд АҚШ долларын құраған. Жаңа кеңестің бірінші отырысы қаңтардың екінші жартысына жоспарланып отыр.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

– Өндірісті көтеру арқылы сонда жұмыс істейтін азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мақсаты тұр. Ол үшін алдымен сұраныс керек. Яғни өнеркәсіпке тапсырыс керек. Біз отандық кәсіпорындарға деген көзқарасымызды түбегейлі өзгерту қажетпіз деп есептеймін. «Атамекен» басшылығы екі жылдан бері осы мәселені айтып жүр. Бізге шикізаттық емес саланы дамыту керек.

Хабар 24 телеарнасы