377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аккредиттелген қауымдастықтарға талапты күшейтеді

  • 131
  • UPD: 17:34, 17.01.2020
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аккредиттелген қауымдастықтарға талапты күшейтеді

Яғни, енді саладағы мамандар өндіріс ошақтарын өздері аралап, тиісті сараптама жүргізіп, оны растайтын құжат табыстауы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастама мүмкіндігі шектеулі жандардың жанайқайынан туындап отыр. Яғни, бұған дейін олар арнайы құжат алу үшін тексерушілердің жол және басқа да шығындарын көтеруі керек еді. «Енді бұл міндет жергілікті қауымдастықтарға жүктеледі», - деді палата төрағасы Абылай Мырзахметов. Өйткені аккредитация алған тарап бұл қызметті атқаруға міндетті.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

- Біз бұл қауымдастықтар алдына нақты міндет қойдық. Егер оны орандаудан қашатын болса, аккредитациясынан айыруға дейін барамыз. Жалпы мүмкіндігі шектеулі жандардың бизнеске келгеніне қолдау таныту қажет. Осы мақсатта біз оларға біраз жеңілдіктер жасап, түрлі мүмкіндіктер ашып жатырмыз. Әсіресе, өңірлерде кәсібін бастағандарды назардан тыс қалдырмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы