431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин ұлттық автомобиль павильонын аралады

  • 606
  • UPD: 00:19, 29.01.2020

Үкімет басшысы Асқар Мамин Ұлттық автомобиль павильонынында болып, автомобиль өнеркәсібінің даму  жоспарларымен танысты.

Өткен жылы елімізде  машина жасау саласындағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 26 процентті құрады. Жалпы құны 360 млрд теңгеге жуық 50 мың бірліктен аса техника өндіріліп,  2,7 мыңға жуық автомобиль экспортталды. Сатылымдағы қазақстандық автомобильдердің үлесі 59 процентке  дейін өсті. Елімізде  ең көп сатылатын автомобиль брендінің 5-тен 4-уі – отандық өндірістікі. Биылдан бастап жаңа көліктің жаңа модельдері шығарыла бастайды.  Осылай автоөнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемін қысқа мерзім ішінде 100 мың автокөлікке дейін жеткізу көзделген, оның ішінде 10-15 мыңын Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Беларусь, Әзербайжанға және басқа да елдерге экспорттау жоспарда бар. Сондай-ақ Алматыдан «Hyundai» /Хёндэ/ зауыты ашылады. 

Андрей Лаврентьев, «Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» ЗТБ президенті: 

- Бүгін автомомобиль өндірісін дамытуға арналған кеңес барысында осы саланың өзекті мәселелерін талқыладық. Біз қазір қайткен күнде де отандық өндірісті өрістетуге ат салысуымыз керек. Қазақстанда шығарылған автокөліктер тұтынушыларға қолжетімді болу үшін жұмыс істеуіміз тиіс  деп ойлаймын. Нарық ұлғайып келеді. Сұраныс бар. Алдымызға ауқымды мақсат-міндеттер қойып отырмыз. Оған үкімет те қолдау білдіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы