431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да мемлекеттік төрт нысан аукционда сатылады

  • 505
  • UPD: 13:33, 30.01.2020
БҚО-да мемлекеттік төрт нысан аукционда сатылады

Батыс Қазақстан облысында сатылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін 4 нысан өңір кәсіпкерлеріне таныстырылды.

Олар бұрынғы «Кумыска» шипажайы мен «Жастық» стадионы, Шалқар көлінің жағасындағы демалыс базасы мен Оралдағы ортопедиялық протез цехының бос тұрған ғимараты. Аталған нысандар Мемлекет басшысының бюджет шығындарын оңтайландыру туралы тапсырмасына сәйкес бәсекеге қабілетті ортаға берілмек. Осы арқылы жылына 300 миллион теңгені үнемдеу көзделген. Бұл қаржы жол құрылысына, ауыл-кенттерді абаттандыруға және елді мекендерді көркейтуге жұмсалмақ. 

Дулат Имашев, облыстық қаржы басқармасының басшысы: 

- Жұмысшылардың жалақысы бар, коммуналдық төлемдер бар, өзге де сатып алынатын мүліктері бар, бәрін қосқанда бір ғана «Кумыска» шипажайы бойынша 175 миллион теңге үнемдейді екенбіз. Ал жалпы үнем 300 миллионнан асады. Бұл нысандар аудан әкімдіктерінің бастамалары бойынша аукционға шығарылатын болады. Шығындарды оңтайландыру жұмыстары келешекте жүйелі жалғасын табатын болады.

Хабар 24 телеарнасы