447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роман Скляр Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді

  • 112
  • UPD: 09:37, 04.03.2020
Роман Скляр Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Еуропалық бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында елдің қолайлы инвестициялық ахуалы туралы айтып, инвесторларға экономиканың түрлі секторларында: туризм, цифрлық экономика, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және т.б. салаларда жаңа мүмкіндіктер беру мәселелерін талқылады.

Кездесуде Қазақстан экономикасының 2019 жылы 4,5%-ға өскені, ал шикізаттық емес секторға сапалы шетелдік инвестицияларды тарту ҚР Үкіметінің басым міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

Өз кезегінде шетелдік делегацияның басшысы Йохан Вандерплаетсе ‒ Еуропалық бизнес қауымдастығының басқарма төрағасы, Ресей мен ТМД-дағы Schneider Electric президенті әлемдегі энергия тұтынудың өзгермелі құрылымы аясында Қазақстан экономикасын әртараптандыру мәселелерінің өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар бизнес өкілдері Индустрия 4.0, жасыл экономика, тұрақты даму, ҚР-дағы электр көлігі инфрақұрылымын, оның ішінде технологиялар трансферті және жергіліктендіру арқылы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларға қатысу мүмкіндігін қарастырды.

Ақпарат көзі: ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы