399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Бизнес өкілдері – экономиканың тірегі

  • 185
Қ.Тоқаев: Бизнес өкілдері – экономиканың тірегі

Мемлекет басшысы сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қолжетімді болып қала береді. «Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын соңды болмаған шаралар қолға алынды. Кәсіпкерлерге көмек – уақыт талабы. Себебі бизнес өкілдері – экономиканың тірегі», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек. Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырамын. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы