433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 1,6 миллионнан астам адам банктегі қарыздарының мерзімін кейінге шегерді

  • 524
  • UPD: 11:30, 29.04.2020
Қазақстанда 1,6 миллионнан астам адам банктегі қарыздарының мерзімін кейінге шегерді adilettv.kz

1,6 миллионнан астам қарыз алушы қарыздары бойынша мерзімін кейінге шегерді, 246 кәсіпкер жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша кредит алуға мақұлдаудан өтті және 1,7 млн адам әлеуметтік жәрдемақы алу үшін төлем карталарын және карточкалық шоттар ашты.

2020 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге және өзге де кредиттік ұйымдарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1 844 599 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 1 831 489 жеке тұлға банктік қарыз төлемдері бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді, 13 110 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімді кейінге шегеруге өтінім беру үшін кредиттік ұйымдарға жүгінді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлайды.

1 661 232 жеке тұлға 237,4 млрд теңге сомаға немесе барлық қарыз алушының 31,3%-ы төлемдерді тоқтата тұруға мақұлдау алды. Оның ішінде 299 363-і – халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының өкілдері.

Сонымен бірге 11 561 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 138,8 млрд теңге сомаға немесе кәсіпкерлердің жалпы санынан 44,1%-ы мерзімін кейінге шегерді.

Қалған өтінімдер қаралып жатыр, 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылданады.

Бүгінгі күні шамамен 5,3 млн азаматтың 4,4 трлн теңге сомаға және 26,2 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 3,9 трлн теңге сомаға банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша берешегі бар.

Кәсіпкерлерді жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы шеңберінде қаражаттың игерілуін мониторингтеу Екінші деңгейдегі банктерден алынған деректерге сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілері және дара кәсіпкерлер кредит алу үшін 274,8 млрд теңге сомаға 1 313 өтінім берді. Оның ішінде 62,5 млрд теңге сомаға 246 қарыз мақұлданған.

Екінші деңгейдегі банктерде және «Қазпочта» АҚ-да төлем карточкаларын алу

Әлеуметтік жәрдемақы алу үшін 1,7 млн адам төлем карточкасын және карточкалық шот ашқан. 

Бүгінгі күні 1 013 558 азамат қашықтан карточкалық шот және төлем карточкасын ашқан және олар шамамен 700 мыңдай клиенттің үйіне жеткізіліп берілген.

 

Хабар 24 телеарнасы