431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жыл сайын 25 сүт фермасы салынады

  • 353
  • UPD: 14:38, 26.05.2020
Елімізде жыл сайын 25 сүт фермасы салынады

Елімізде жыл сайын 25 сүт-тауарлы ферма салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 жылдан кейін қайта өңделген сүт көлемін 500 мың тоннаға жеткізу жоспары бар. Ал жыл аяғына дейін 9 құс фабрикасы салынбақ. Яғни, жылына қосымша 105 мың тонна құс еті өндіріледі. Бұл туралы да Үкімет отырысында айтылды. Елімізде мал шаруашылығы өнімдерінің өсімі 4 процентті құрайды. Ірі қараның саны 8 млн-ға жуықтаса, ұсақ мал 17 млн-нан асқан.  Биыл жалпы өнім көлемін 2,6 трл теңгеге жеткізу көзделген. Қайта өңдеу саласында 717 млрд теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылып жатыр. Үкімет басшысы Асқар Мамин ірі қарамен қоса, ұсақ малдың басын көбейту қажеттігін айтты. Ауыл шаруашылығы министріне жұмысты тиімді үйлестіріп, кооперацияны дамытуды тапсырды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы