405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


42500 теңге: ТЖ кезінде астаналықтарға өтемақы төлеуге жиырма млрд теңге жұмсалды

  • 204
  • UPD: 16:42, 26.05.2020
42500 теңге: ТЖ кезінде астаналықтарға өтемақы төлеуге жиырма млрд теңге жұмсалды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Хабар 24» арнасындағы онлайн брифингте төтенше жағдай режимі кезінде астаналықтарға көрсетілген әлеуметтік көмек туралы айтты.

«Өздеріңізге белгілі, төтенше жағдай кезінде көптеген жұмыс орыны тоқтады. Тиісінше біраз адам жұмыссыз қалды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қоғам болып осы сыннан өтіп келеміз. Президенттің тапсырмасымен ең төменгі жалақы ретінде 42 500 теңге сәуір айында 270 мың адамға берілді. Ал мамыр айында қосымша 130 мыңнан астам адам осындай қолдау алды. Тұтастай алғанда мемлекеттен 20 млрд теңге осы мақсатқа бөлінді», – дейді әкім.

«43 мың әлеуметтік аз қамтылған азамат 50 мың теңгеден көмек алды. Оған 2 млрд 100 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бұл – бюджеттен тыс қаражат. Сонымен бірге 34 мың отбасыға азық-түлік көмегі берілді. Оған бюджеттен тыс 1 млрд теңге аударылды. Бұдан бөлек мемлекеттік әлеуметтік көмекті 4,5 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасының баласы алды. Ал атаулы әлеуметтік көмекке 3,5 мың отбасы ие болды», – деді Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы