428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия даму банкі Қазақстанға 1 млрд доллар бөледі

  • 447
  • UPD: 23:42, 25.06.2020

Азия даму банкі елімізге коронавирус індетінің өршуіне байланысты туындаған экономикалық мәселелерді шешу үшін 1 миллиард доллар бөледі.

Бұл банк Қазақстанның маңызды әріптесі болып табылады. Бұл қаражат есебінен инфекция таралуын тоқтатуға бағытталған шаралар жүзеге асырылады. Мәселен, медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеріп, оларды сақтану құрал-жабдықтарымен қамту көзделген. Сондай-ақ Азия даму банкі Қазақстанмен бірлесіп, мемлекеттік басқару, шағын бизнесті қолдау мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар атқармақ.

Хабар 24 телеарнасы