429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусь халқы шетел валютасын жаппай сатып алып жатыр

  • 196
  • UPD: 15:34, 20.08.2020
Беларусь халқы шетел валютасын жаппай сатып алып жатыр

Беларусь халқы банктегі ақшаларын түгел шешіп, шетелдік валютаны сатып алып жатыр.

Депозит нарығында жедел салымдардың кері ағыны байқалған.  Қолма-қол ақшаны шешіп, долларды сатып алу үрдісі биыл бірінші рет болып жатқан жоқ. Мұндай жағдай алғаш рет наурыз айында байқалған. Елде долларға деген сұраныс деңгейі жоғарылады. Коронавирус ахуалы мен елдегі дефолт болжамы халықты алаңдатып қойды.

Американдық Moody's қаржы агенттігі мәліметінше, депозиттердің 10 проценттен астамының шешілуі Беларусь банк жүйесіне кері әсер етеді. Бұл алтын-валюта резервіне салмақ салу ықтимал. Бұл сала қазірдің өзінде төменгі деңгейде тұр.

Хабар 24 телеарнасы