2020 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан аумағында қазақстандық және шетелдік төлем карталары арқылы қолма-қол ақша шығару 10,4 трлн теңгені құрады, деп хабарлады ranking.kz.
Осы ретте Қазақстан аумағында төлем карталарындағы жиынтық айналымнан қолма-қол ақша алу 59,9 проценттен 35,8 процентке дейін қысқарған. Осылайша, тұрғындардың қолма-қол ақшасыз төлем жасауға көшкенін байқауға болады. Ал осыдан 5 жыл бұрын қолма-қол ақша алу үлесі айналымның 90%-інен асқан.
Картадағы ақшаны қолма-қол шешім алу Қазақстанның үш аймағында азайған. Әсіресе, Алматы қаласында айтарлықтай төмендеген (–28,2%).
Қазақстанда төлем карталарынан қолма-қол ақша алудың басым көпшілігі банкоматтар арқылы жүзеге асырылады: 2020 жылғы қаңтар-тамызда 9,6 трлн теңге – өткен жылмен салыстырғанда 10,6% артық.
Қазақстандағы банкоматтар саны 12 мыңнан асты. Барлық банкоматтың үштен бірі Алматыда (2,3 мың) және Нұр-Сұлтанда (1,5 мың) шоғырланған.