432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар жыл басынан бері 550 келіден астам алтын сатып алған

  • 119
  • UPD: 10:10, 13.10.2020
Қазақстандықтар жыл басынан бері 550 келіден астам алтын сатып алған

Биылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында ел тұрғындары екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 566 келіден асатын 13200-дей өлшеуіш құйма сатып алған. Соның 65 келісі қыркүйекте саудаланыпты.

Алтын құймалар бес түрде ұсынылған. 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық. Ең көп сатылғаны 10 грамдық құйма. Сонымен кімдер дейсіз ғой алтынды көп алатын? Құймаларды сатып алу бойынша Алматы қаласының тұрғындары көш басында. Сатылған құймалардың жалпы 55 процентін осы алматылықтар алған. Одан соң атыраулықтар мен елордалықтар алтын сатып алуды жөн санапты. Себебі алтын құйма деген әркезде сенімді саналады. Жоғары бағаланады. Былайша айтқанда құнын жоғалтпайды.

Атап өтейік, Ұлттық банк халыққа өлшемдік құймаларды сату және кері сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосқан еді. Содан бері жалпы салмағы 1 тоннадан асатын құйма сатылыпты.

Хабар 24 телеарнасы