425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылы республикалық бюджет түсімдері 11 трлн теңгеден асады – Қаржы министрі

  • 134
  • UPD: 16:06, 21.10.2020

2021 жылы республикалық бюджет түсімдері 11 триллион теңгеден асады, ал шығыстар 14 триллион теңгені құрайды деп болжанып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығындардың жалпы көлеміндегі әлеуметтік саланың үлесі 50 процент болады. Қаржы министрінің айтуынша, бұл ретте «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және басқа мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын қаржыландыруға басымдық беріледі. Жалпы «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын талқылау барысында бірқатар түзетулер енгізілді. Атап айтсақ, әскери қызметшілерге азық-түлік үлестерінің құнын ұлғайту; ауылдық елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер салу сынды депутаттардың ұсыныстары ескерілді.

Хабар 24 телеарнасы