422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда инвесторлар 10 жылға дейін салықтан босатылды

  • 98
  • UPD: 13:24, 12.11.2020
Қазақстанда инвесторлар 10 жылға дейін салықтан босатылды

Енді қомақты қаржы салып, елімізде өндіріс орнын ашқан инвесторлар 10 жылға дейін корпоративті табыс және жер, қосымша құн, мүлік салығынан босатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Парламент Сенатының депутаттары салық төлеу жүйесіне қатысты жаңа заң жобасын қабылдады. Мұндай жеңілдік инвестициялық климатты жақсартуға жаңа кәсіпорындардың көптеп ашылуына ықпал етпек. Сонымен қатар халық қалаулылары отандық шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын да екі жылға әлеуметтік  қосымша құн салығынан босатты. Бұл пандемия кезінде орасан шығынға ұшыраған салаға айтарлықтай көмек болмақ. Өйткені індет салдарынан кішігірім кәсіпорындардың 30 проценттен астамы өз жұмысын тоқтатқан. 

Сондай-ақ:

Пандемия: Сенат кәсіпкерлерге салықты 3%-ке дейін төмендетеді

Хабар 24 телеарнасы