427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бізде мемлекетті ілгерілете алатындай қаржы қоры бар – Қ.Тоқаев

  • 256
  • UPD: 19:14, 25.11.2020

Елді дамытудың арнайы жоспары әзірленген.

Партия ішіндегі тұрақтылық сақталды. Соның арқасында бизнес өкілдеріне қолдау көрсетілді. «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде Президент билік тарапынан берілген уәделерді орындадық деді. Ал 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама әбден пысықталған, сүзгіден өткен құжат. Қазіргі экономикалық қиындықтарға қарамастан, «Nur Otan» Үкіметпен тізе қоса отырып, құжаттағы мақсат-міндеттерді орындау үшін 21 триллион теңге қарастырмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Бес институционалдық реформа – Ұлт жоспарын» жүйелі түрде жүзеге асыру керек. Сол мақсатта «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты  партияның жаңа сайлауалды бағдарламасын әзірледік. Алдағы бес жылда елді дамытудың тың жоспары осы құжатта толық жазылған.

Хабар 24 телеарнасы