419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай компаниялары Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен танысты

  • 174
  • UPD: 23:20, 10.12.2020
Қытай компаниялары Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен танысты

Бейжің қаласында осы тақырыпта семинар өтті.

Бұл шараға 30-ға жуық компания қатысты. «Kazakh Invest» өкілдері Қазақстандағы салық саясаты жөнінде баяндап, шетелдік кәсіпорындардың еліміздегі жұмыс тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ семинарға қатысушылар ауыл шаруашылығы, көлік тасымалы мен логистика, тау-кен өндірісі секілді нақты салаларға инвестиция құюдың ерекшеліктерін білді. Бұл – «PwC» халықаралық консалтинг ұйымымен бірлесіп Бейжіңде ұйымдастырылған екінші шара.

Вивиан Ши, «PwC» халықаралық компаниялар жүйесінің серіктесі:

– Қытайдың озық компанияларының Қазақстанға инвестиция жасауына зор мүмкіндіктері бар екенін және Қазақстан жағынан экспорт көлемі өскенін байқап отырмыз. Сондықтан осы семинарды ұйымдастырдық. Қазақстанға инвестиция құйған және осы салаға қызуғышылық танытқан клиенттерімізді шақырдық.

Хабар 24 телеарнасы