384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максимге Польшадағы қандастарымыз қолдау білдірді

  • 102
  • UPD: 09:35, 22.11.2019

Балалар арасындағы «Евровидение-2019» байқауының басталуына санаулы күндер қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатысушылардың барлығы Польшаның Гливице қаласына келіп те қойған. Ұйымдастырушылар да дайындыққа қызу кірісіп кетті.

Гала-шоу осы жексенбіде Польшаның Гливице қаласында өтеді. Балалар арасындағы басты ән байқауында Қазақстан атынан өнер көрсететін Ержан Максим да қазір дайындық үстінде. Ұйымдастырушылар да дайындық қамына кіріскен. Айтуларынша, биылғы байқау былтыр Минск қаласында өткен шарадан кем түспейді. 

Агата Конарска, Junior Eurovision-2019 ұйымдастырушысы:

– Әр байқаудың өз ерекшелігі бар. Біз биылғы шараны қабылдай отырып, өзіміздің елімізді, яғни Польшаны әлемге таныту мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Біздің шоу бәрінің көңілінен шығады деп ойлаймыз.

Ұйымдастырушылар қатысушыларды бір-біріне таныстыру жағына ерекше көңіл бөлген. Осы ретте Гливицеде күн сайын кездесулер өткізілуде. Соның арқасында қонақтар бірін-бірі жақын танып-біле алады. Ержанды Қазақстаннан келген делегациядан бөлек Польшада тұратын отандастарымыз да қолдайтындарын айтып отыр.

Жандос Кәрінбаев, қазақ диаспорасының өкілі:

– Бүгінгі таңда байқаудың поляк жерінде өтуі бұл кездейсоқ емес деп ойлаймын. Бұл тұрғыда бір кездері біздің әйгілі Әміре Қашаубаев атамыз келген сияқты. Осы Еуропа жұртшылығына, оның ішінде тағдырлас поляк жұртшылығына біздің әндерімізді, біздің мәдениетімізді мына інішегіміз Ержан таныстырады деп сенемін. Және де Қазақстанның намысын осы бір ән байқауында үлкен абыроймен қорғайтындығына біз кәміл сенімдіміз.

Биылғы байқауда 19 елдің өкілі сынға түспек. Қазақстан өкілі оныншы нөмірмен өнер көрсетеді. Ержан Максим үшін қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түні junioreurovision.tv сайтында дауыс бере аласыз.

Авторлары: Алексей Родионо, Лукаш Корвин.

Хабар 24 телеарнасы