427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision 2020: sms-дауыс беру арқылы жиналған қаражат қайырымдылыққа аударылады

  • 150
  • UPD: 13:42, 27.09.2020

Қазақстан «Junior Eurovision» халықаралық жыл сайынғы ән байқауына ұлттық іріктеуге жеңімпазды таңдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Финалда танымал композиторлар жазған авторлық әндермен 12 жас орындаушы өнер көрсетті.

«Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында жеңімпаз белгілі болды. Ол – Қарақат Башанова. Алматы облысынан келген жас өнерпаз қазылар алқасын жүрекке тиер әнімен бір жылатты. Себебі әнін қайтыс болған әкесіне арнаған екен. Жүрекпен орындалған ән жүректерге жетті. Көрермен көзайымын да алды. Бұл байқаудың жеңімпазы «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде анықталды. Қазылар алқасынан бөлек, көрермендер де дауыс берді. 12 финалист еліміздің танымал композиторларының арнайы жазылған авторлық әндерін шырқады.

Қарақат Башанова, ұлттық іріктеудің жеңімпазы:

– Екі сағаттан астам уақытқа созылған ұмытылмас шоу бүкіл команданың жұмысының арқасында жоғары деңгейде өтті. Айтпақшы, смс-дауыс беру арқылы жиналған барлық қаражат қайырымдылыққа аударылады. Ұлттық іріктеудің бірінші кезеңі аясында Қазақстанның барлық өңірінен 684 өтінім қабылданды. Екінші кезеңде қазылар алқасы ең мықты 30 қатысушыны таңдады, олардың ішінде 12 финалист дауыс беру арқылы анықталды.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

– Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқауға Қазақстанның осымен үшінші мәрте қатысуы – «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының қауымдасығының мүшесі атануы арқасында мүмкін болды. 29 қарашада коронавирус пандемиясына байланысты байқаудың финалы онлайн-форматта өтеді. Әдеттегідей «Хабар» телеарнасының эфирінде көрсетіледі.

Junior Eurovision. Ұлттық іріктеудің қатысушысы салған әннен әділқазылар алқасы көзіне жас алды

Хабар 24 телеарнасы