419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2020: Бәрі өзімізге байланысты

  • 167
  • UPD: 16:57, 27.11.2020
Junior Eurovision 2020: Бәрі өзімізге байланысты

Junior Eurovision 2020 байқауында Қазақстанның жеңіске жетуге мүмкіндігі мол.

Бұл туралы «Хабар» агентігі АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Гранд-финалға дейін екі күн ғана қалды. Көп нәрсе бізге байланысты. Ержан Максиммен болған жағдай есіме түсіп отыр. Ол екінші орын алған болатын. Бір қызығы, кәсіби қазылар алқасы оған бірінші орын берді, біз, қазақстандықтар, оны екінші орынға түсіріп алдық. Жай ғана дауыс саны жетпей қалды. Өкінішке қарай, бізде қандай да бір талантты бала шықса, бәріміз мақтан тұтамыз, ал қолдау көрсететін кезде басқаларға сенеміз. Сондықтан дауыс беріп, Қарақатты қолдауға шақырамыз. 12 жаста болса да өте өнерлі қыз. Ол көптеген сарапшыларға ұнады. Біздің жеңіске жетуге деген мүмкіндігіміз өте мол», – деді Ерлан Бекхожин.

Биыл байқау бірінші рет онлайн форматта өтеді. Қатысушылар өз елдерінен бақ сынайды, ал қазылар алқасы Варшавада отырып баға береді.

Ал «Хабар» арнасында халықаралық байқауды кім жүргізетініне келсек, дәстүр өз жалғасын тапқан.

«Бізде Junior Eurovision-нің арқасында жақсы дәстүр қалыптасты. Былтыр да бұл байқауды белгілі радиожүргізушілер Қалдыбек Жайсаңбай мен Махаббат Есен жүргізген. Олар биыл да тізгінді ұстайды. Себебі Еуропадағы балалар музыкасының тенденцияларын терең зерттеп жүрген адамдар. Бұл жолы олар халықаралық қауымдастықтың осы жобаға, оның қатысушыларына деген комментарийін терең талдап, сараптап жеткізеді деп сенеміз», – деді «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев.

Junior Eurovision 2020: Қазақстанға қалай дауыс беруге болады

Хабар 24 телеарнасы