366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2018: Ақтық сынға соңғы дайындықтар жүріп жатыр

  • 105
  • UPD: 17:32, 22.09.2018

Балалар арасындағы халықаралық Junior Eurovision 2018 байқауының қорытынды туры бүгін кешкі сағат жетіде басталады.

«Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетілетін гала-концерттің соңғы дайындықтары пысықталуда. «Себебі тікелей эфирде барлығы ойдағыдай болуы тиіс», – дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, республикалық іріктеуде он әнші бақ сынайды. Сонымен қатар көрермендер балдырған бишілердің өнерін тамашалайды.

Илья Кузыров, режиссер:

– Біздің дайындық кеше толығымен аяқталған еді. Тікелей эфир кезінде ешқандай қателік болмас үшін бүгін де әр қойылым пысықталуда. Концертте көптеген тың қойылым бар. Оны кеште көре аласыздар.

Бақытгүл Дәрменова, қатысушының анасы:

– 100 пайыз дайынбыз. Вокал жағынан да, психологиялық жағынан да жақсы. Барлық көріністердің ішінде ең әдемі көрініс болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы