364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Тулешованың бейнебаяны бәсекелестерінің музыкалық роликтерінен басып озды

  • 942
  • UPD: 11:59, 18.10.2018

Польша, Болгария, Австралия және басқа елдердің тыңдармандары 12 жастағы қазақстандықтың дауысына тәнті болды.

Қазақстанның жас әнші қызы Данэлия Тулешованың бейнебаяны «Балалар Евровидениесі» бойынша бәсекелестерінің музыкалық роликтерінен басып озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жобаның ресми арнасында қазақстандықтың орындауындағы әнді 71 мыңнан астам көрермен тамашалаған.

Данэлия Төлешова Минскіде өтетін Junior Eurovision байқауына алғаш рет қатысып, «Өзіңе сен» әнін орындайды.

Клип YouTube арнасында бір апта бұрын шыққан.

Кішкентай қыздың дауысына Польша, Болгария, Австралия, Испания және басқа елдердің тұрғындары тәнті болды.

15 жасқа толмаған жас жұлдыздар 25 қарашада әлемнің түкпір-түкпірінен Беларусь еліне жиналып, «Минск Аренада» мыңдаған көрермен алдында музыкалық қабілеттерін паш етеді.

Байқаудың ұраны – «Light up!», «Жарқыра!» деген мағынаны білдіреді.

Қазақстанның намысын «Голос. Дети. Украина» байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешова қорғамақ. 12 жастағы әнші сөзін ақынмен бірлесе отырып жазған әнді орындайды.

Осы категория бойынша: « Данэлия Тулешова Junior Eurovision байқауына арнап бейнебаян түсірді Junior Eurovision 2018: Грузиялық жас әнші Д.Тулешова туралы пікір білдірді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы