376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосулдың маңызды аудандарының бірі азат етілді

  • 465
  • UPD: 12:02, 07.01.2017

Ирак әскері Мосул қаласындағы стратегиялық маңызы бар ауданды содырлардан азат етті. Бұл аумақта төбешіктер көп.

Соның арқасында үкімет жасағы шаһарды жоғарыдан бақылау мүмкіндігіне ие болды. Айта кеткен жөн, Мосул «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» астанасы саналады. Қаланы жаудан тазарту шарасы былтыр 17 қазаннан бері жүргізіліп келеді. Қазір шаһардың шығыс бөлігінің 70 пайызы азат етілген. Алдағы күндері жауынгерлер батыс аудандарды шабуылдауға кіріспек. Олардың алға жылжуына күннің қолайсыздығы кедергі. Әскери операциялар басталғалы қаланың 130 мың тұрғыны үйлерін тастап, босып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы