375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеу әуежайларында 80-нен астам рейс уақытынан кешікті

  • 611

Мәскеудің «Домодедово» және «Шереметьево» әуежайында 80-нен астам рейс кешікті.

Сондай-ақ, 28 сапар кейінге шегерілген. Оған сықырлаған сары аяз себеп. Жалпы қаңтардың 7-сіне қараған түні қалада қыс басынан бері ең төменгі температура тіркелген. Осы ретте Ресей Федерациясы төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Мәскеу тұрғындарына мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес беріп отыр. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітер емес. Олар аяздың беті тек 10 қаңтардан кейін қайта бастайды деп топшылап отыр.

Хабар 24 телеарнасы