389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания жағалауын 11 метрлік асау толқындар ұрғылады (бейне)

  • 592
  • UPD: 13:21, 23.01.2017

Каталония жағалауын ұрғыштаған тентек толқындар метеорологтарды дауыл туралы ескерту жасауға мәжбүр етті.

Ал Азаматтық қорғаныс қызметі (Protecció Civil) жағажайға барған жұрттың аса сақ және мұқият болуларын ескертті. Себебі Барселонаға жақын келіп, жағаны ұрғылаған толқындардың биіктігі қазір 8 метрге жетіпті. Сол маңайдағы Бегур елді мекенінде 11 метрлік толқындар байқалды.

Бұл табиғи құбылыс салдарынан Коста Брава, Коста-дель-Маресме және Коста Дорада жағалауында келушілерге арналған отырғыштар қирап, ағаштар майысып қалды. Мальграт-де-Мар (Барселона) теңіз дауылынан жағажай толықтай шайылып кетті, деп хабарлайды La Vanguardia.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы