386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайлар 10 секундта он тоғыз үйді жарып қиратты (бейне)

  • 638
  • UPD: 15:04, 23.01.2017

Қытайдың Хубей провинциясында көп қабатты ескі үйлерді қиратуға тура келді.

Бұл үшін инженерлер 5 тонна тротил жұмсапты. Жарылыс жасау үшін инженерлер ғимараттарға барлығы 120 мың саңылау тесіп, үйлерді небәрі 10 секунд ішінде жарып қиратты, деп хабарлайды The Sun.

Тек олардың арасынан бір ғимарат бірден жарылмай, сәл кешігіп барып жермен жексен болған.

Мамандардың айтуынша, Қытайдағы мегаполистерде бұрын-соңды мұндай операция жүргізілмеген.  

Тегістелген ауданда шамамен 15 гектар жер босап қалды. Енді билік өкілдері бұл жерге іскерлік мақсатта қолданылатын биіктігі 700 метрлік ғимараттар тұрғызады.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы