389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Содырлар Мосулдағы тарихи орындарды талқандап тастаған

  • 562
  • UPD: 09:32, 24.01.2017

«Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» Мосул қаласындағы Саддам Хусейннің сарайлары мен басқа да тарихи орындарды талқандап тастаған.

Шаһардың шығыс бөлігін азат еткен әскерилер осылай дейді. Содырлар тақтан құлатылған президенттің 3 сарайының екеуін жермен-жексен етіп, үшіншісінің де едәуір бөлігін қиратқан. Сондай-ақ лаңкестер Ассирия патшалығы кезіндегі тарихи ескерткіштер мен Ниневия шаһарының қабырғаларын да тып-типыл еткен. Ал үкімет жасақтары Мосулды азат ету операциясын жалғастырып жатыр. Қазір әскерилер шаһардың шығыс бөлігін бақылауына алған.

Ясин Ахмад, Мосул тұрғыны:

- Содырлар ескерткіштерден тамтық қалдырмай, тас-талқанын шығарды. Ал бұлар Мосулдың сан ғасырлық тарихи мұрасы емес пе?! Көненің көзіндей көрнекті орындардың не жазығы бар? Оларды құртудың қандай қажеті болды екен? 

Хабар 24 телеарнасы