386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан парламенті енді жарияланған пікір үшін блогерлерді де жауапқа тартпақ

  • 312
  • UPD: 11:08, 10.03.2017

Аңдамай сөйлеген айыпппұл төлейді.

Қырғызстан парламенті енді жарияланған пікір үшін блогерлерді де жауапқа тартпақ. Әсіресе құзырлы органның нысанасына ең алдымен әлеуметтік желідегі аса белсенді парақшалар алынбақ. Ал олардың иелері аты-жөнін дұрыс көрсетуге, жалған ақпарат жазбауға және басқа да ережелерді сақтауға міндетті.

Парламент депутаттары ұсынып отырған құжатта блогерлердің іс-қимылын реттеуге арналған 10 тармақ бар. Оның ішінде мемлекеттік құпияны жарияламау, порнографиялық өнімдерге тыйым салу, азаматтардың жеке басын балағаттамау және тағы басқалары көрсетілген. Бірақ блогерлер бірқатар шектеумен келіспейді.

Лариса Илибезова, Демократиялық Зерттеулер қорының төрәйымы:

- Бұл заң билік ұстанымымен келіспейтіндер пікіріне тыйым салатын құралға айналуы мүмкін деп санаймын.

Заң жобасы бойынша парақшасын күніне мың адам оқитын пайдаланушы ғана блогер болып саналады. Ал заңды бұзғандар айыппұл арқалайды. Яғни қарапайым азаматтар 5 мың сом заңды тұлғалар 100 мың сом төлеуге міндетті. Айта кету керек, депутаттар заң жобасын қоғамдық талқылауға әлі шығармады.

Марат Джамангулов, Жогорку Кенешінің депутаты:

- Қазір біз қоғамның теріс пікірде екенін ескеріп, оны қабылдау уақытын шегере тұрамыз. Әлі жетілдіре түсетін жерлері көп.

Парламент депутаттары енгізбек болған шектеулердің жартысы басқа заңдарда да жазылған. Бірақ ғаламтор мәселесіне келгенде бұл заң дұрыс жұмыс істемейді. Жергілікті тұрғындардың арасында әлеуметтік желілер неғұрлым танымал болса, соғұрлым депутаттар өз пікірі үшін жауапкершілікті күшейтуге тырысады.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы