389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда ауыл тұрғыны көзі тірісінде өзінің жерлеу рәсімін ұйымдастырды

  • 477
  • UPD: 23:52, 07.04.2017
Қытайда ауыл тұрғыны көзі тірісінде өзінің жерлеу рәсімін ұйымдастырды Фото: Imagine China

Қытайдағы ауыл тұрғыны көзі тірісінде өзінің жерлеу рәсімін ұйымдастырды.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Қытайдың оңтүстігіндегі Хунань провинциясына қарасты Чанъянь ауылының тұрғыны - 58 жастағы бала-шағасы жоқ Ли Гочжун өзінің жалған жерлеу рәсімін сәуірдің 3 күні өткізген екен. Достары мен туыстары табытқа салынған оны зиратқа апарып, жол бойы жоқтау айтқан. Жерлеу рәсімі кезінде оркестр өнер көрсетіп, отшашу атылған. Ал рәсім соңы салтанатты қонағысымен аяқталды.

Қызыл матамен оралған табытта жатқан Сан Линь Гочжун айналадағылардың қандай әсерде болатынын бақылап отырған. Бұл рәсімге ер адам 20 мың юань жұмсапты.

 

Ал жалпы «марқұмның» туыстары жалған жерлеу рәсімін өткізуге қарсы шыққан екен. Қытайлықтың жиендері тілшілерге: «Ағамыз, бұл ақшаны босқа шығын қылғанның орнына қиын уақытқа деп сақтаса болатын еді», - деп сұхбат берген.

Хабар 24 телеарнасы