386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада азық-түлік қалдықтарын азайтуды көздейтін мобильді қосымша жасалды

  • 497
  • UPD: 19:34, 24.04.2017

Еуропа елдерінде азық-түлік қалдықтарын азайтуды көздейтін мобильді қосымша пайда болды.

Оны қолданушылар дәмхана мен мейрамханадан жеңілдікпен тамақтана алады. Көбіне жеңілдіктер дәмхана жабылардың алдында жасалады. Яғни, олар артылған асты ысырап етпес үшін қосымшаға жүктеп, бірнеше есе арзан бағаға сатады. Бүгінде қосымша Кәрі құрлықтың Ұлыбритания, Германия Франция және Дания мемлекеттерінде кәдеге жарап тұр. Енді жоба авторлары оны АҚШ-та да қолданысқа енгізбек.

Томас Бьорн Момсен, Too Good to Go директоры:

- Бір күні мейрамханада отырып, көп тамақтың артылып қалғанын байқадым. Сосын даяшыдан артылған асты не істейтінін сұрадым. Сөйтсем барлығын қоқысқа тастайды екен. Мейрамханалардың көбінде солай екенін көріп ойлана бастадым. Кейбір елдердің халқы бір үзім нанға зәру. Сондықтан азық-түлік ысырап болмауы керек деп ұйғардым.

Шарлотт Болвин, Берлин тұрғыны:

- Бұл сауапты іс, дайындалған таза тамақты қоқысқа тастау обал. Ысырап еткенше арзан бағаға сату қайырымды әрі тиімді. Өзім студентпін, сондықтан азын-аулақ ақшаға тойып тамақ іше алатыныма қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы