385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирактағы террористер жойғыш қарудың жаңа түрін ойлап тапты

  • 473
  • UPD: 08:53, 28.04.2017

«Ирак пен Левант лаңкестік тобы» жаңа қару-жарақ түрін ойлап тапқан.

Содырлар оны Ирактың Мосул қаласының іргесіндегі ұрыс қимылдары кезінде сынақтан өткізіп жүр. Бұл туралы британдық зерттеу тобы хабарлайды. Қолдан жасалған жарылғыштың жаңа түрі гранататқыш арқылы атылады. Сондай-ақ дронның көмегімен де тастауға болады. Негізі сарапшылар лаңкестерде қару-жарақ жасап шығару бойынша орталық жүйенің барын айтады. Экстремистер оларды үнемі сынақтан өткізіп, керек болған жағдайда жетілдіріп отырады.

Хабар 24 телеарнасы