389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Бас хатшысы Астанада Сирия жөнінен қабылданған меморандумды қолдайды

  • 537
  • UPD: 08:14, 05.05.2017
БҰҰ Бас хатшысы Астанада Сирия жөнінен қабылданған меморандумды қолдайды blogspot.com

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Астана процесінің таяуда өткен төртінші кезеңінде тараптар қабылдаған меморандумды қолдайды.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррикке сілтеме берген БҰҰ сайты жазды.

«Бұл келісімнің сириялықтардың өмір сүруін расында жақсартуы өте маңызды. Бас хатшы әсіресе авиацияны қоса алғанда, тараптардың қарудың қандай болсын түрін қолданбау жөнінен міндеттемелерін, сондай-ақ гуманитарлық көмектің жылдам әрі кедергісіз түрде қолжетімді болуын қолдайды», - делінген мәлімдемеде.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы