386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үйде жалғыз қалған бала әкесінің 10 мың долларын жыртып тастады

  • 600
  • UPD: 23:18, 22.05.2017
Үйде жалғыз қалған бала әкесінің 10 мың долларын жыртып тастады Фото: sohu.com

Қытайда үйінде жалғыз қалған 5 жасар бала әкесіне тиесілі ақшаны тауып алып, жалпы сомасы 500 мың юаньдық купюраларды әп-сәтте жыртып тастаған.

Бұл туралы Sohu.com хабарлады.

Бұл қаражат шамамен 10 мыңға жуық АҚШ долларын құрайды. Ал жергілікті банктер жыртылған купюраларды жаңасына ауыстырып беруден бас тартқан.

Оқиға Циндао қаласына қарасты Шаньдун провинциясында 20 мамыр күні болған. Баланың әкесі Гао есімді кәсіпкер болған жайтты көріп, барлық жыртық қағаз ақшаларды жинап, жақын маңдағы банктердің біріне апарған. Алайда банк қызметкерлері оған жаңа купюраға айырбастау үшін жыртылған ақшаларды желімдеу керектігін айтқан.

Гао алдымен жыртық 100 юаньдық ақшаларды желімдеп біріктірмек болған. Бірнеше уақыттан кейін бұл ойының іс жүзінде мүмкін болмайтындығын түсінген. Себебі купюралардың көбі жартылай емес, 5-6 бөлікке айырылған болып шықты.

Ал ақшаның негізгі бөлігі бірнеше ұсақ бөлікке жыртылып, бұл аз дегендей, бәрі араласып шатасып кеткен екен. Нәтижесінде Гао банкноттардың тек санаулы бөлігін ғана қалпына келтіре алған.

Ер адам баласының әдейі жасмағанын және ұлын бұл әрекеті үшін қатты жазаламайтынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы