389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Жерорта теңізінде 1500 босқын опат болған

  • 461
  • UPD: 18:20, 27.05.2017

Биыл Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жеткен мигранттар саны 60 мыңнан асқан.

Сондай-ақ жыл басталғалы қауіпті сапарда шамамен бір жарым мың босқын опат болған. Бұл туралы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері хабарлайды. Десе де мамандардың айтуынша, Кәрі құрлыққа ағылған босқындар 2016 жылдың алғашқы 5 айымен салыстырғанда үш есеге азайған. Өйткені былтыр бұл көрсеткіш 193 мыңнан асқан болатын. Биыл Еуропаға жеткен босқындардың 80 пайызы Италияға табан тіреген екен. Қалғандары Грекия, Испания мен Кипрге бас сауғалаған.

Хабар 24 телеарнасы